ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов «Дат» театрын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов «Дат» театрын ашты

24.10.2018

Қазақ руханиятында ерекше жаңалық. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов «Дат» жеке театрын ашты.

Қыркүйек айында Тараз қаласында театрдың тұсаукесерін өткізген өнер иесі таяуда Алматыда әріптестерімен, көрермендермен жүздесті.

Жас драматург Мұрат Қолғанаттың «Қуыршақтар» туындысы бірнеше жыл бұрын жазылған. Психологиялық шығарма заманның теперішін көрген қылқалам шеберінің тағдыры жайлы. Астарлы, философиялық спектакльдің кейіпкері ішкі толғанысын, астан-кестен болған жан дүниесін қуыршақтарға жайып салады. Осылайша өзі де олардың бет-бейнесін ашады.

Шығармашылық ғұмырында актер алғаш рет көрермен алдына жалғыз шықты. Жаңа театрға облыстардан шақырту келіп жатыр екен. Тұңғышбай Жаманқұлов алдағы уақытта дарынды жастарды іріктеу арқылы труппасын толықтырып, қазақ және әлемдік драматургия туындыларын сахналауды қолға алмақ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу