Қостанайда «Қазақтар» атты тарихи драманың премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Қазақтар» атты тарихи драманың премьерасы өтті

06.05.2021

Қостанайда Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында «Қазақтар» атты тарихи драманың премьерасы өтті.

Белгілі жазушы-драматург Қалихан Ысқақ пен Шахимарден Құсайынов жазған туынды Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай сахналанып отыр. Қойылымда 15 ғасырда еркіндікке ұмтылған қазақ жұртының жеке хандық құрып, ел болып қалыптасу кезеңі көрініс береді. Ата-бабамыздың елдіктің іргесін бекітіп, тұғырын нығайту жолындағы жанкешті әрекеті, тығырықтан жол тапқан көрегендігі бейнеленеді. Тағылымы мол тарихи қойылымның қоюшы-режиссері, Қазақстанның халық әртісі - Тұңғышбай Жаманқұлов. 

Тұңғышбай Жаманқұлов, қоюшы-режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Тарихқа деген көзқарасымды, өткенге деген ұлы махаббатымды, сағынышымды, шерімді актерлердің жүрегіне құюға тырыстым. Өнер тілімен көрерменмен өткеніміз жайлы, болашағымыз жайлы ақылдасамыз, жүрегімізбен сырласамыз. Өнердің орны осы.

Дәуренбек Әбдібек


қостанай қазақстар спектаклі тұңғышбай жаманқұлов

Хабарламаларға жазылу