Ұлжан: Бедеулік бағымды байлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлжан: Бедеулік бағымды байлады

08.10.2018

Елімізде 20 мың жұп бала сүйе алмай келеді. Оның басты себебі – бедеулік пен белсіздк. Отбасын жоспарлау орталықтарынан жыл сайын 1200 отбасылық жұп көмек сұрайды.

«Shanyraq» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы – бедеулік. Шыр еткенге зар еткен бедеулік пен белсіздік мәселесі неден пайда болады? Әйел бақыты – бала сүю. Бірақ сол бақытқа жете  алмағаны қанша? Себеп қандай?

Студияға келген кейіпкер Ұлжан өз оқиғасымен бөлісті.

«Күйеуіммен 13 жыл отау құрдым. Осы уақытта бала болмады. 13 жыл бойы өзімнің және күйеуімнің бағымды байлап келдім. Дәрігерлерге қаралдық. ЭКҰ-ды бірнеше рет жасаттық. Ешнәрсе де көмек бермеді. Кейіннен ұрыс-жанжал басталды. Дәрігерлер менің бедеулігімді айтты. Бала болмаған соң күйеуімнің бағын байламауды шештім.

Ажырасқаныма бір жыл болды. Қазір Астанаға келіп жаңа өмір бастадым», - дейді Ұлжан.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу