2019 жылы елімізде «Жастар жылы» болмақ. Бұл туралы Елбасы бүгінгі Жолдауында атап өтті. Сондай-ақ бүгін ұстаздар мерекесі. Миллиондаған балаға білім, тәрбие берген жандардың төл мерекесі. Жолдауға сай 2019 жылдың қаңтарынан бастап ұстаздардың айлығы 35 пайызға көбейеді.
Ал «Shanyraq» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы – шымылдық. Елімізде 4 млн 616 мың бойдақ бар екен. Өмірлік жар, сенімді серік іздейтін жандардың хаттары хабарымызға жиі келеді. Сондай жандардың бірі бүгінгі кейіпкер – Ғалымбек Жақсыбайұлы. Ол бағдарламаға қыз іздеп келіп отыр. 42 жастағы кейіпкер Қызылорда облысының тумасы, жеке кәсіпкер.
Ғалымбек Жақсыбайұлы денсаулығын күтіп, бос уақытында спортпен шұғылданады. Сондай-ақ мерекелік кештерде ән айтқанды ұнатады. Кейіпкер болашақ балаларының анасын таңдауда қателеспесем дейді. Қыздарға қоятын талаптарының барын да жасырмады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
