Адал жар іздеймін... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адал жар іздеймін...

12.10.2018

Қазіргі жігіттердің жан-жарасы – тәрбиелі, ибалы қыз таппау. Жастар үшін отбасын құру – фобияға айналды. Ал, қыздар қазір қаңдай?

Еліміздің қыз-жігіттері танысу мақсатында «Shanyraq» студиясында жиналмақ.

Солардың бірі жігері талмас, өмірін өнегелі етуді мақсат еткен Ерік Пернебекұлы.

Ол Түркістан облысының тумасы, жасы 25-те, мамандығы экономист, жеке кәсіппен айналысады. Бос уақытында спортпен шұғылданады. Бокстан спорт шеберіне үміткер, Түркістан облысының чемпионы.

Еріктің арман-мұраттары айқын, алға қойған жоспарлары да көп. Ал қазіргі мақсаты - иманды, қазақы тәрбие көрген, адал жар таңдау. Болашақта жарының жұмыс жасауына қарсы емес. Дегенмен, балалары мен келіншегін мұқтаж етпей, толықтай қамтамасыз етуге дайын. Баланы жаны сүйеді, көп балалы әке атану – армандарының бірі. Ол ақшақұмар, үйден гөрі түзде көп жүретін, ұсақ әңгімеге жаны жақын қыздарды ұнатпайды.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу