Жаркент – жібек жолының бойындағы тарихи қала

01.10.2018

Жаркентке қала атауы 1882 жылы берілген. Мұндағы ең әйгілі сәулет өнерінің ескерткіші - Уәлибай мешіті. 1887 жылы қаладағы мұсылман қауымының жиынында мешіт тұрғызу туралы шешім қабылданып, ақша жиналған. Мешіттің негізгі құрылыс материалы – сары қарағай. Ақсу, Кетпен тауларынан Тянь-Шань шыршалары әкелініп, кептіріліп, құрылысқа пайдаланған. Жұмысқа 100-ден аса қолөнер шеберлері тартылып, ғимарат салынған. Мешіттің ағаштары шегесіз орнатылған.

Соңғы жылдары осы мешіттің жанынан музей ашылып, экспонаттардың басым бөлігі – түрлі көне бұйымдар. Ат әбзелдері бөлек бөлмеге орналастырылса, келесі бөлмеде сирек кездесетін тұрмыстық заттар тұр.

Сондай-ақ, еліміздің сәулет өнері ескеркіштерінің шағын макеттері құнды экспонаттар қатарында. Мұнда Түркістандағы Х.А. Яссауи кесенесі, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Жошы ханның мазарлары сынды көптеген орын жайлы мағлұматтар бар.

Жібек жолының бойындағы көне қалада тарихи ғимараттар аз емес. Көз тартар сәулет ескерткіштер өте көп. Жаркенттің әрбір сүйем жері – тұнып тұрған тарих. Тек зерттеп, зерделеуге уақыт керек.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу