Бүгін - ақын Гүлнәр Шәмшиеваның туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - ақын Гүлнәр Шәмшиеваның туған күні

19.09.2018

Бүгін ақын-сазгер Гүлнәр Шәмшиеваның туған күні. Осыған орай ақын Алматы студиясында құттықтаулар қабылдап, сұхбат берді. Ақындықпен қатар Гүлнәр Шәмшиева проза, поэзия кітаптарының авторы.

«Туған күнімде қара шаңырағым ҚМУ журналистика факультетінде кеш өткіземін. Кешке әншілер, ақындар келеді. Кешке үйімде шағын ғана отырыс болады.

Мақсатым – халыққа ғибратты болытын дүние берсем деймін. Әндерімде, жырларымда қазақ қыздарының бойындағы инабаттылықты, жақсы қасиеттерді жеткізу.

Ақын болу – үлкен жауапкершілік. 12 жасымнан бастап өлең жаздым. Ақындық қасиет анамнан дарыған. Анам да әкем де ақындардың айтысына қатысатын. Өзім Түркістан облысының тумасымын. Қазір сол жақта туындыларым шығып жатыр.

Біраз жылдан бері халық алдына шықпай қалдым. Бірақ танымал әншілер менің әндерімді орындап жүр. Олардың ішінде Мақпал Жүнісова, Ақбота Керімбекова, Жанар Айжанова.

Адам ақын болып туады. Мың жыл өмір сүрсе де адам ешқашан ақындық өнерге үйрене алмайды. Ақындықтан қашқан, ақын болмаймын деп жазбаларымды жағып жіберген күндерім болды. Өйткені әйел адамның осы қоғамда жүруі қиын. Ол құрбандықты талап етеді. Бірақ өлең жазбаған кездерім – өте ауыр кездер еді», - дейді ақын.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу