Алматыда Райымбек Сейтметовтың 80 жылдығына орай XXVI Республикалық театр фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Райымбек Сейтметовтың 80 жылдығына орай XXVI Республикалық театр фестивалі өтіп жатыр

19.09.2018

«Өнер жолы – қиын жол. Оған талмайтын қанат, сарқылмайтын шабыт керек». Бұл ҚР Халық әртісі,  актер, режиссер Райымбек Сейтметов қалдырған өсиет.

Өнер иесін еске алуға әріптестері мен достары, көрермендер жиналды. Көз көрген замандастары театр сүйер көпшілікке тағлым боларлық түрлі естеліктер айтты.

Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында дүниеге келген. Актер, театр режиссері, педагог-профессор 1959 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясында Асқар Тоқпановтан тәлім алып, 70-ші жылдары Мәскеудегі театр иниститутының режиссерлік бөлімін бітірген.

Театр сахнасындағы алғашқы рөлі Қуандық Шаңғытпаевтың «Беу қыздар-ай» атты комедиясындағы ақын образы еді.

Сахна сөзінің мағыналы болуына ден қою, жарқын мінезді, шынайы бейнелерді жасауға ұмтылу Райымбек Сейтметовтың шығармашылығына ғана тән еді.

Райымбек Сейтметов Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Платинды «Тарлан» сыйлығының иегері. Ол М.Әуезовтың «Қарақыпшақ Қобыладысында» Бірсімбайды, У.Шекспирдің «Оттеллосында» Касиосын және «Асауға тұсауында» Люченцио сынды рөлдерді шебер сомдаған дарынды артист.

2000 жылы Райымбек Ноғайбайұлының бастамасымен Қазақстан театрларының қатырына ең жас Түркістан музыкалық драма театры қосылды.

80 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық фестивальге Астана қаласының жастар театры, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма тетары, М.Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театрларымен қатар, эксперименттік тәуелсіз театр труппалары қатысты.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу