11-12 мамыр күндері Жамбыл облыстық драма театры Астанада өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11-12 мамыр күндері Жамбыл облыстық драма театры Астанада өнер көрсетеді

11.05.2016
11-12 мамыр күндері Жамбыл облыстық драма театры Астанада өнер көрсетеді

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 11-12 мамыр күндері аралығында Астана қаласында гастрольдік сапарын өткізеді.

Гастроль барысында көрермендерге театр репертуарындағы Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» қойылымдарымен қатар жас бүлдіршіндерге арналған Ә.Файзуллаұлының «Алтын адам» ертегісі ұсынылады.

Іс-сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және театрдың 80 жылдығына орай, Астана қаласы көрермендерімен жүздесіп, шығармашылық есеп беру, актерлық өнерді халық арасына кеңінен насихаттау, театр өнерінің дамуына ықпал ету.

Спектакльдер Астана қаласы әкімдігі «Жастар театрының» сахнасында өтеді.

Хабарламаларға жазылу