Орта жолда атың өлмесін, орта жолда әйелің өлмесін деген қазақ. Отбасының ұйтқысы болған әйелдің қаза болуы – үлкен бақытсыздық. Ибрахим Исламұлы жары марқұм Сақыпжан апамен 40 жыл бірге өмір сүрген. Жұбайы 5 жылға созылған ауыр науқастан көз жұмды. Балаларын жеткізіп, олардың алдында әкелік парызын толық атқарды. Бірақ уақыт өте жалғыздық жанына батады. Ұзақ ойланып, балаларының қолдауымен ол екінші рет отау құрды.
«Shanyraq» бағдарламасының тілшілері 70-ке келгенде бақыт тапқан жандардың отбасына барып қайтты.
«Жұбайыммен екі ер бала, екі қыз бала көрдік. Мінезі дұрыс адам болды. Ер адамға жалғыздық қиындау болады екен. Мені жұмыс құтқарды. Бірақ менің жағдайымды балалар сезіп жүрді. 5 жылға жуық жалғыз болдым. Ақылдасып, екінші рет отау құрдым», - дейді Ибрахим Исламұлы.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
