«Бала жоғалды!» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бала жоғалды!»

13.11.2018

Елімізде жоғалған балалар арасында табылмаған балалар жетерлік. Бірақ қанша уақыт өтсе де ата-аналары үміт үзбейді. Іздеуді тоқтатпайды.

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Іздеу саламын!».

 

Студия қонағы Ақмарал Әбибұллақызы өз оқиғасымен бөлісті.

 

Ақмарал:

Бала бауыр еті болған соң жоғалған баланың ата-анасына ауыр тиіп, өздері келе алмады. Әулет атынан мен келіп, оқиғамызбен бөлісіп отырмын. Биыл шілде айында бөле ағам жұбайымен жазғы демалыста ата-әжесіне қызымен барды. Жаз болған соң жан-жақтан келген бала-шаға көп. Далада ойнап жүрген жерінен тұңғышы жоғалып кетті. Қазіргі таңда 6 ай болды. Жан-жақты іздеу салып, ата-анасы үміттерін үзген жоқ.

Қыз 8 жасар, сабағы жақсы, ешқандай ақау, ауытқулары жоқ, алғыр қыздардың бірі. Сабақтан бөлек биге қатысып, ортасында алда жүретін, белсенді қыз.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу