Бүгін Алматыда бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтеді

14.09.2018

Алматының Ұлттық кітапханасында кітапханашылардың съезі өтіп жатыр. 

Осыған орай ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Гүлмира Абылайханқызы, Түркістан облысы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбепап кітапханасының директоры Күлия Смаилханқызы «Таңшолпанда» қонақ болды.

Гүлмира Абылайханқызы:

Қоғамда қазір трансформация жүріп жатыр. Осыған байланысты кітапханалар да өзгеріп жатыр. мысалы, коворкинг орталықтары ашылуда. Осыған орай кітапханалардың қызметі өзгеруде. Съезге түрлі мекемелер қатысып, дөңгелек үстелдер жүргізіліп жатыр. Цифрландыруға қатысты кітап қорын цифрлау туралы мәселе қаралып, съезге түрлі елдердің кітапханаларының өкілдері қатысуда.  

 

Күлия Смаилханқызы:

«Отырар» кітапханасының елге қызмет жасап жатқанына биыл 5 жыл. Бүгінгі таңда біздің кітапхана 428 кітапханаға методикалық көмек береді. Отырар тарихи кітапхана болғанымен, ол заманауи кітапхана. Мысалы, ұлттық нақыштағы коворкинг орталығымыз бар.

Жалпы облысымызда кітап қоры 7 миллионнан асты, оның 400 мың қоры Отырарда. Биылғы оқырманның саны 20 мыңға жетті.  Кітап оқыған бала – елді басқаратын бала. Оқимын деген бала оқиды. Кітап – досың, ақылшың, көмекшің.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу