«Qareket»: Баланың көз жасы... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qareket»: Баланың көз жасы...

14.09.2018

Кеше «Qareket»-тің «Талқы» айдары жарыққа шықты. Хабарды Серік Әбікенұлы тізгіндеді.

«Баланың көз жасы...» тақырыбымен педофилия мәселесі көтерілді.

Бағдарламаға қонаққа Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі сот судьясы Қасым Серікұлы, психолог Анна Күдиярова, «Не молчи» қоғамдық ұйымының баспасөз қызметкері Иоаханна Ақбергенова, «Қазақ-Мед» медициналық орталығының директоры Сүлейман Маралбай, журналист Айгүл Аханбай, журналист Ақбота Исламбек келді.

Анна Күдиярованың айтуынша, «педофилия дегеніміз тар мағынасында – психикалық ауытқу. Шын мәнінде педофиялық аурулары бар адамдар құрбандарын өлтірмейді, қинамайды. Тәтті сөзбен баурап алып, ойын іске асырады.

Кастрация жасағанымызбен, пайда жоқ. Жазалау керек емес, оларды емдеу керек. Кастрация жасауға кеткен ақшаны психологилық көмек көрсетуге жұмсау керек», дейді.

Қасым Серікұлының айтуынша, «жазалау қажет, психологиялық көмек те қажет».

Иоаханна Ақбергенова осындай зорлыққа ұшыраған.

Кастрация жақсы көмектеседі деп есептемейді. «Кастрацияға қарсы антипрепараттар бар», дейді ол.

 «Не молчи» қоғамдық ұйымы осындай қасіретке ұшыраған балаларға көмектеседі. Осы ұйымға келген зорлыққа ұшыраған қыз-келіншектердің ішінде 30%-ы мүгедек балаларды өмірге әкелетіні анықталған.

Айта кетейік, «Qareket»-ке немересі осындай жағдайға ұшыраған әйел хабарласты. Оның айтуынша, педофил әлі де жаза тартпаған. «Тым болмағанда 1 айға қамаса, сабақ болар еді», дейді.

Елімізде 650 жағдай ашылмай кеткен.

Педофилия Кеңес одағы кезеңінде де болған. Айгүл Аханова Жоғарғы соттың 15 жыл төрағасы болған Бибіжамал Рамазановадан сұхбат алғанда, ол педофилияға ұшырағандардың 80%-ы өгей әкесінен зардап шеккенін айтқан.

Хабарламаларға жазылу