«Men Qazaqpyn» сахнасына келесі болып Керекуден келген күйші Ернат Мотышев шықты. Павлодар облысының намысын қорғайтын күйші осы жобаға қатысудың өзі үлкен жетістік деп санайды. Аталған мегажобада ол Есірдің күйі «Ақжарманы» орындады.
Қазылар алқасының мүшесі Қатимолла Бердіғалиев «жалпы, күй орындалып шықты. Бірақ, күйші күйді түсініп орындаған жоқ. Ешқандай эмоция болмады. Нотадан жаттағанын ғана орындап шыққандай көрінді», деген пікірін білдірді.