Сыр елінің намысын қорғап келген Күнсұлу Түрікпен жобада алтыншы болып өнер көрсетті. Ол Базар жыраудың «Бастау» термесін орындады.
«Бүгінгі «Men Qazaqpyn» жобасына Базар бабамыздың шығармасын орындау өте орынды болды деп есептеймін. Өте жақсы деңгейде орындап шықты. Мақамында ешбір мін болған жоқ». Бұл - Ұлжан Байбосынованың пікірі.