Әлемде жыл сайын 15-пен 17 жас аралығындағы 16 миллион қыз ана атанады екен. Ол аздай, 15-ке толмаған 2 миллион жасөспірім жасына жетпей жерік болады. Өкініштісі сол, қазақ бұл статистиканың бел ортасында жүр.
Перу мемлекетінің азаматшасы Лиина Медина 1939 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бірақ, адамның миына кіріп шықпайтын жаңалық ашқанымен емес, 4 жасында жүкті болып 5 жасында баланы дүниеге әкелгенімен әйдік әлемге әйгілі болды. Статистикаға жүгінсек, күн сайын әлемде 20 мың жасөспірім қыз босанады екен. Ең аз көрсеткіш Оңтүстік Кореяда, жылына 1000 жасөспірім қыздың екеуі ғана босанады. Ал, бізде ше? 1 жылда кәмелетке толмаған 1000 қарындасымыздың 30-ы өмірге сәби әкеледі. 2012-2016 жылдар аралығында Қазақстанда 18 жасқа толмаған 31860 қыз жүкті болған.
Уағында Пушкиннің досы, орыстың философы Чаадаев «Бір жерде жылаған жанның дауысын естісем, «япыр-ау, біз тағы нені бүлдіріп едік?» деп қуыстанамын», депті. Ал, біз нені бүлдірдік? Осы тақырып турасында Сәбит Әлдебайдың сюжетінде.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.