Көкшетауда рейд кезінде 120 бала Ішкі істер бөліміне жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда рейд кезінде 120 бала Ішкі істер бөліміне жеткізілді

30.07.2014
Көкшетауда рейд кезінде 120 бала Ішкі істер бөліміне жеткізілді

Көкшетауда екі түннің ішінде 120 бала Ішкі істер бөліміне жеткізілді. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге  түнгі уақытта ата-ананың  қарауынсыз көшеде қыдыруына тыйым салынған. Алайда, бұл қағидаға құлақ аспай жүрген жеткіншектер жеткілікті.

Рейдте ұсталған балалардың төртеуі  қоғамдық орындарда алькоголді сусын ішкен.

 Сондай-ақ, полиция бөліміне жеткізілген 16 жаcөспірім ұсақ бұзақылық жасаған. Көбіне мұндай уақытта көше кезуге әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балалары әуес. 

Осы санаттағы кәмелетке толмаған 42 жеткіншек пен 21 отбасы полиция бөлімінің есебіне қойылды.

Сәуле Хамзина, ІІБ  баспасөз  қызметінің жетекшісі:

Рейд барысында 1 қылмыстық оқиға тіркелді. Өзбек азаматшасы өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын қайыршылық жасауға мәжбүрлеген. Қылмыстық Кодекстің 132-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу