Заңғар Нұртас: Қайрат екеуміздің дуэтіміз дау тудырады деп ойлаған жоқпын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңғар Нұртас: Қайрат екеуміздің дуэтіміз дау тудырады деп ойлаған жоқпын

12.06.2018

Жас әнші Заңғар Нұртас «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.

 

«Бала кезімнен ағамның және басқа әншілердің әндерін тыңдап өстім. Бейжіңде 5 жыл білім алдым. Мамандығым инженер-логист. Кейін оқу бітіріп, елге оралғанда анамнан ән айтып көруге ұсыныс түсті. Жеке орындауымда екі ән, Қайратпен бір ән шықты. Қайрат әрқашан да маған қолдау көрсетіп келеді, ешнәрсеге тыйым салған емес.

Спорт саласында өзімді 11 жыл көрдім. Спортты қойдым деп айта алмаймын. Тек ол менің хоббиім болып қалады.

Адам болған соң бәрін көру керек. Әлі өзімді толық әншімін деп айта алмаймын. Қаншалықты алып жүретінімді уақыт көрсетеді.

Қайрат екеуміздің дуэтіміз үлкен дау тудырады деп ойлаған жоқпын. Өнер адамдарының ішінде қолдағандары да болды, қолдамағандары да бар. Мен ешкімге ренжімеймін», - дейді жас әнші.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу