Ислам діні және халқымыздың әдет-ғұрыптарының қабысуы туралы не білеміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ислам діні және халқымыздың әдет-ғұрыптарының қабысуы туралы не білеміз?

11.06.2018

Халқымыз Ислам дінін қабылдағаннан кейін адамның жаратылысына тән құндылықтар салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың негізіне айнала бастады. Бұл әдет-ғұрыптардың қайнар көзі Құран аяттарынан бастау алса, олардың көбі Исламның негізі болатын хадистер мен сүнеттерден тұрады.

Біздің қазіргі әдет-ғұрып пен ұстанып жүрген мұраларымыздың көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде сүннетті ұстану ниетімен қалыптастырған. Бұғын дәлел - көптеген әдет-ғұрыптар мен сенімдеріміздің хадистермен үндесіп жатуында.

Ең бергісі - халқымыздың қонақжайлылығы. Исламға дейін де халқымыздың көп дәстүрі мен әдет-ғұрыптары болғанын жақсы білеміз. Атап айтсақ, бесік құда, қарсы құда, сүйек жаңғырту, қалыңдық алып қашу, қалың төлеу сияқты әдет-ғұрыптар. Кейінірек, олардың Ислам шариғатына сәйкес келмейтінін ұмыт қалдырып, керектілерін сақтап отырды.

Қазақ даласында түрлі діндер болған. Мысалы, отқа табыну да, христиан, шамандар да. Отбасы мен туыстық қатынастар саласындағы исламдық және оған дейінгі дәстүрлер дінге нанушылардың күнделікті тұрмысының бір бөлігін құрайтын еді. Әр жерде жерлеу, еске алу, неке қию, сүндетке отырғызу дәстүрлері өткізіліп жатты. Оның ішінде Оңтүстік аймақта Ислам діні кеңінен етек жайғандықтан, осы аймақтарда Құрбан айт пен Ораза айт ерекше аталып өтті. Бұл да болса халқымыздың әдет-ғұрыптары мен Ислам дінінің талаптары тек тәрбие мен адамгершілікке негізделгенін айғақтайды. Ал, кейбір ғұрыптарды дінмен мәдениетті түрде қабыстыру - даналығымыздың белгісі.

Белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін алдымен, ортақ тіл мен дін, тарихы мен салт-дәстүрі, отаны болуы тиіс. Экстремизм мен терроризм түрлеріне, соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесінде оларға қарсы тұрудың тиімді әдістерінің бірі – қазақтың салт-дәстүрін жандандырып, дәстүрлі исламды дәріптеу болып табылады.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу