«Ақсауыт» хабарының кезекті шығарылымы Нарынқол жақтағы жайлаулардың бірінде шекараны күзетуде еңбегі сіңген отбасына арналды. Бұл отбасы сонау 1950 жылдардан бері шекараны бұзып, ішке өтуге ұмтылған 6 Қытай азаматын ұстаған. Бүгінгі бағдарлама Қашымовтар әулетінің басынан өткізген шытырман оқиғалары жайлы болды.
Бауыржан Бахтияров, Қостөбе шекара заставасының бастығы:
- Шекара тұрғындарымен өте жақсы қарым-қатынастамыз. Жергілікті тұрғындар бізге мемлекеттік шекараны күзетуге көмектеседі. Кез келген уақытта бейтаныс тұлғаны көрсе, тез арада заставаға хабарлап тұрады.