27 мамыр күні Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиевтың шәкірті Жасұлан Сақаевтың «Алатау алабында» атты кеші өтеді.
Осыған орай әнші Рамазан Стамғазиев пен Жасұлан Сақаев Алматы студиясында қонақ болды.
«Бұл менің алғашқы шығармашылық кешім. Кешке қатарластарым қатысады. Бірнеше байқаулардың лауреатымын. Өзіме Арқа мектебі жақын. Қазіргі уақытта жаңа әндер жазылып жатыр», - дейді әнші.
«Жасұлан колледже оқып, академияны бітірді. 7 жыл менің қолымда тәрбиеленді. Қуанатыным – жаны ауырса да, қиналса да, қолынан домбырасын тастаған емес. Алған тәжірибесін халықпен бөлісуді көздеген, өз өнерін бағалайтын жас. Ортамызға қосылып, ән шырқап жүргеніне қуанамын», - дейді Рамазан Стамғазиев.