Қазақстан жол-көлік оқиғасынан азаматтары ең көп қаза табатын елдердің алғашқы сапында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жол-көлік оқиғасынан азаматтары ең көп қаза табатын елдердің алғашқы сапында тұр

12.05.2018

Шымкент-Самара тас жолының 1068 шақырымында кенеттен өртенген қос қабатты автобустың ішінде 52 адам тірідей жанып кетті. Қазақстандық екі жүргізуші мен 3 жолаушы ғана жалыннан жан сақтап үлгерді. Артынша өртеніп кеткен 52 марқұм мен тірі қалған 3 адамның Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды. Бейнежазбада көпкісілік көліктің жүргізушісі мұның оңтүстіктен шыққан автобус екенін тап басып айтты. Өйткені, өзбек пен қырғыз еліне шекаралас облыстардан заңсыз гастарбайтерлердің өтетіні, автобустардың жүк салғышына тиеліп шекара асып кететіні бәріне белгілі.

Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы Қазақстанда 17019 жол апаты болып, 2086 адам қаза тапқан. Бұл біздің елдегі жауапты орындардың берген ақпараты. Алайда, БҰҰ қазақ жерінде өткен жылдың өзінде 3000 адам жол апатынан көз жұмды, 30 мың адам жарақат алды деп жазды. Айырмашылығы мынада, БҰҰ апат болған уақытта қаза тапқандарды ғана емес, жарақат алып кейін ауруханада көз жұмғандарды да санаққа алады. Нәтижесінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тас жолда демі үзілгендердің саны жағынан алғашқы сапқа шыға келеді.

Ал, Ауған соғысы кезінде жылына орта есеппен 1400 адам оққа ұшқан екен, ал, бізде айдың-күннің аманында тас жолдағы трагедиядан жылына 3000-ға жуық отандасымыз опат болады. Осы мәселе турасында толығырақ Сәбит Әлдебайдың сюжетінде.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу