Самбошыларға бүгін жүлде бұйырмады
Дүниежүзілік ойындардың жетінші күні аяқталды. Бүгін спортшыларымыз жауынгерлік самбодан сынға түсті. Өкініштісі, ешқандай медаль бұйырмады. Жекпе-жектің алғашқы күнінде еліміздің атынан 6 отандасымыз жүлдеге таласты. Маржан Бизақ, Бақытжан Дүйсембеков пен Тәңірберген Тергеубеков алғашқы белдесулерінде қарсыластарына есе жіберді. Ал Ниетхан Төлеуғали, Аружан Кенесары, Айнұр Ақжігітова қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алғанымен, оны сәтті қолдана алмады. Ниетхан Қырғызстан спортшысына, Аружан Өзбекстан өкіліне жол берді. Ал Айнұр жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Ертең тағы 3 самбошымыз жүлдеге таласып көреді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихи құнды жәдігер табылды
11.06.2026, 10:25
Халықаралық «New Vision Forum 2026» форумы басталды
11.06.2026, 10:22
Сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар да онкоскринингтен тегін өтеді
11.06.2026, 10:20
Жыл басынан бері 475 адамды кене шаққан
11.06.2026, 10:18
Албания астанасы Тиранада мыңдаған адам шеруге шықты
11.06.2026, 10:17
Пәкістан әуе күштерінің шабуылынан 13 адам қаза тапты
11.06.2026, 10:15
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады
11.06.2026, 10:14
Астанада халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі басталды
11.06.2026, 10:11