Темір жол вокзалдарында қандай заманауи жаңашылдық бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темір жол вокзалдарында қандай заманауи жаңашылдық бар?

05.05.2018

Қазір де шойын жолда ызғытып жүрген отарбалардың артында будақ-будақ түтін қалатыны, оның қоршаған ортаға тигізер залалы орасан екені бесенеден белгілі. Тұтас әлем ғаламдық климаттың өзгеруіне тойтарыс беруге қам қылып жатқанда бұл түйткілді айналып өте алмаспыз.

Осы орайда біздің елдегі темір жол саласынан қоршаған ортаға тасталатын өндірістік қалдық 2017 жылы 102,4 мың тоннаны құрапты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2 пайызға аз екен. Өзгелер қайтеді? Мәселен, Австралиядағы Саузерн-Кросс темір жол вокзалы толқын іспетті салынған. Өте әдемі көрінеді, бастысы, мұндай архитектуралық шешім ғимараттың ішіндегі ауа алмасуына оң әсер етеді екен.

Салдарынан пойыздардың түтіні жолаушылар отыратын залдарға кірмейді. Тағы бір мысал, Испания астанасындағы Аточа темір жол вокзалы. Күніне 16 миллион жолаушыны отарбамен жөнелтетін ғимаратқа тропикалық бақ қойылған. Нәтижесінде, жолаушылар сырттағы толассыз келіп-кетіп жатқан пойыздардың түтініне тұншықпайды.

Бізде ше? Темір жол вокзалдарында болашақта бағымызға орай бақтар қойыла ма? Басымыздан бақайшағымызға дейін тексеретін қауіпсіздік құралдарынан басқа тағы қандай заманауи жаңашылдық бар? Гүлжазира Ғалиқызы айтады.

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу