Ләззат Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ләззат Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды

05.05.2018
Ләззат Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен Ләззат Олжабайқызы Жүнісова «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды

Л.Жүнісова Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған. 2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі, 2004 жылы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2006-2009 жылдары «БТА банк» АҚ бренд офисінің директоры, 2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды.

2011 жылдың қарашасынан 2018 жылдың мамырына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Хабарламаларға жазылу