«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы – Парламент депутаты Майра Айсина.
«Оқимын деген бала лашық та да оқиды. Себебі өзіміз сондай болдық. Бала кезімде мектеп өртеніп кетіп, сарайда оқыдық. Оқымаймын деген бала алтын сарайға апарсаң да оқымайды. Баланың табиғаттан берілген таланттарын ашу керек. Сонда алдына қоятын талаптары сай болады. Екі қызым да елде оқыды. Екі қызыма да ризамын. Ешқашан менің мансабымды пайдаланған емес. Бала тәрбиесі ата-анаға да, балаға да байланысты», - дейді депутат.