Димаш арқылы әлем тыңдармандары тәнті болған «Дайдидау» әні туралы білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш арқылы әлем тыңдармандары тәнті болған «Дайдидау» әні туралы білесіз бе?

02.05.2018

Ұзақ уақыт бойы халық әні деп айтылып келген «Дайдидауды» жазған қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев болатын. «Дайдидау» деп ол өзінің жарын еркелеткен екен.

Мағжан  Жұмабаевтың 1929 жылы Сібірге 10 жылға жер аударылғанға дейінгі өлеңдері, поэмалары мен өзге де шығармалары сақталған. Ол туындылар оқырманға түгелдей дерлік жетті. Ал, жер аударығаннан кейін жазылған шығармалары туралы ешқандай дерек жоқ. Сондықтан, зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, «Дайдидау» әні ақынның бас сауғалап жүрген кезінде, яғни, 1930 жылдар шамасында жазылған.

«Дайдидау» әнін бүгінде білмейтін жан жоқ десек, артық айтқандық емес. Әуезді әуен қазақтың бірнеше көркем фильмінде де шырқалды. Кеңес үкіметі кезеңінде «Дайдидау» әні Едіге Болысбаевтың «Шаңырақ» кинокартинасында қолданды. Бұл фильмді көргеннен кейін әйгілі  режиссер Сұлтан Қожықов «Едіге, сен біздің арманымызды орындадың», деген екен. Өйткені, ән берірекке дейін кеңестік цензураның кесірінен айтылмай келген.

Екінің бірі шарықтатып шырқай алмайтын «Дайдидау» әнін нақышына келтіріп орындаған әншінің бірі – Димаш Құдайберген. Димаштың орындауы арқылы «Дайдидауға» әлемнің әнсүйер тыңдарманы тәнті болып, музыканттары әннің кавер нұсқаларын шығарып жасады. Мәселен, фортепиано аспабында «Дайдидауды» өзгеше құбылтқан сингапурлық Джереми Вонгты айтсақ болады.

 

 

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу