Филипп Мартинэ: «Абай-Верн» шәкіртақысы Франциядағы қазақстандық студенттердің санын арттыруды көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филипп Мартинэ: «Абай-Верн» шәкіртақысы Франциядағы қазақстандық студенттердің санын арттыруды көздейді

30.04.2018

«Таңшолпан» бағдарламасында Францияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ мен Францияның Қазақстандағы Елшілігінің баспасөз хатшысы Раушан Хатран қонақта болып, «Абай-Верн» шәкіртақысының маңыздылығына тоқталды.

«Абай-Верн» шәкіртақысы Франциядағы студенттердің санын көбейтуге мүмкіндік береді. Францияда 300 мыңдай шетелдік студенттер бар. Солардың ішінде тек қана 600-і қазақстандықтар. Біз осы «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша Франциядағы қазақстандық студенттердің санын арттырғымыз келеді», - дейді елші.

Сонымен қатар, Ф.Мартинэ осы бағдарламаның талаптарына тоқталып, Франциядағы қазақ диаспорасы турасында да сөз етті.

Францияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі қазақ тілінің бай екендігін тілге тиек етіп, барша қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу