Медициналық ЖОО студенттерінің стипендиясы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық ЖОО студенттерінің стипендиясы өседі

06.01.2023

Медицина саласында оқитын студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 15-20 пайызға өсіп отырады. Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті хабарлады.

Құзырлы орган осылайша болашақ медицина мамандарының біліктілігін арттырып, жақсы оқуға серпін береміз деп отыр. Шәкіртақыны арттыру 2025 жылға дейін жоспарланған.

Сондай-ақ 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттің есебінен резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу