Берік Ұзақбайұлы: Тәжірибесіз оқушылардың ғылымға деген ынтасы болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Ұзақбайұлы: Тәжірибесіз оқушылардың ғылымға деген ынтасы болмайды

28.04.2018

«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті шығарылымы физика тақырыбына арналды. Осы тақырып турасында физиктер Берік Ұзақбайұлы мен Аян Нүсіпбеков өз ойларын ортаға салды.

«Қазір оқулықтарда көп ақпарат қамтылғанымен, оқушыларды қызықтыратындай суреттер аз немесе мұғалім көзге көрінетін эксперимент жасаса, олардың физикаға деген қызығушылығы туындар еді. Ал, физика мен химияны тәжірибесіз оқыту мүмкін емес. Тәжірибесіз оқушылардың ғылымға деген ынтасы пайда болмайды», - дейді Берік Ұзақбайұлы.

Мектептердегі лаборатория орындарының жұмысына қатысты Аян Нүсіпбеков пікірін жеткізді.

«Лабораториялар мектептерде ең негізгі сыныптар болып саналады. Мысалы, Назарбаев Университетінің өзінің қабылдау тесті бар. Сол жерде көптеген теориялық сұрақтар келеді. Ол сұрақтарға құбылысты зертханада көрмей, жауап бере алмайсың. Кейбір кезде ол сұрақтарға жауап беру маған да қиындық тудырады. Өйткені, мен оқыған кезде ондай зертхана болған жоқ. Ал, Америка, Англияда мұндай зертханалар бар және олар тәжірибелер қойып, құбылыстарды зерттейді. Бізде өкінішке қарай, ол жағынан жағдай әлі жеткіліксіз», - дейді физик.  

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу