Әнші Ғәнипа Садықова қайда жүр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Ғәнипа Садықова қайда жүр?

26.04.2018

Ғәнипа Садықова - қазақ дәстүрлі ән өнерінде ізін қалдырып келе жатқан әншілердің бірі. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген Ғанипаның бауырлары да өнерге жақын. 7 жасынан қолына домбыра алған ол Күләш Байсейітова, Роза Бағланова сынды майталмандарға еліктеп, әнші болуды армандады. Ата-анасы аса құп көрмесе де, бетінен қақпаған екен. Алғаш Қызылорда қаласындағы мәдени училищеде білім алған Ғанипа бірнеше аспапты меңгерген. Жас өнерпаздар байқауына қатысқан бойжеткеннің өнері қазылар алқасының құрамындағы белгілі күйші Мұрат Каримулиннің назарын аударады. Ол Ғанипаға Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түсуге кеңес береді.

Оқу орнының дайындық бөлімінде жүріп-ақ Ғанипа «Сазген», «Адырна», «Алтынай» ансамблдерінің құрамында өнер көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірін, алыс-жақын шетелдерді аралап, қазақ әнін насихаттады.

Құлақ құрышын қандырар әсем әндерімен көпшілікті тамсандырған ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғәнипа Садықова сахналар мен телеарналардан аса көп көрінбей жүр. Өнер иеснің шығармашылығында қандай жаңалықтар бар?

«Таңшолпан» бағдарламасының тілшілері өнер иесінің үйіне қонаққа барып, сұхбат алды.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу