Ұлыңыздың қызтекелігі мен қызыңыздың еркекшоралығын байқадыңыз ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыңыздың қызтекелігі мен қызыңыздың еркекшоралығын байқадыңыз ба?

24.04.2018

Қазақта еркекшора деген ұғым «ұл балаша өскен қыз» деген мағынаны білдіреді. Салтымыз бойынша, кейбір ұлы жоқ отауда жалғыз қызды немесе қыздары көп отбасында біреуін еркін, ұл балаша киіндіріп өсірген. Ондағы ниет - қызын еркекшора етсе, келесі перзент ұл болады деп сенген.

Ер балаша киінудің тағы бір себебі – қыздардың ерке болып өсуінде. Осындай қолдан жасалған өзгерістер кішкентай кезінде ұлдармен ойнап өскен қыздың мінез-құлқына әсер етпей қоймайтыны анық. Еркекшора болып өскен қыздардың басым бөлігі әйелдік болмысын жоғалтады. Ұлыңыздың қызтекелігі мен қызыңыздың еркекшоралығын байқадыңыз ба?

«Құралайдың құпиясы» айдарының бүгінгі тақырыбы – еркекшора мен қызтекелік.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу