Актер Нұрлыбай Есімғалиев қазір қайда? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Нұрлыбай Есімғалиев қазір қайда?

17.04.2018

Қазақ киносының тұтас бір дәуіріне үлес қосқан актер Нұрлыбай Есімғалиев қазіргі уақытта қайда? Ол сомдаған бейнелер әлі күнге дейін көрерменнің көз алдында.

Нұрлыбай Есімғалиев - киносүйер қауымға етене жақын есім. Кешегі Исатай мен Махамбеттің табаны тиген, Дина мен Құрманғазының күйіне шалқыған топырақта дүниеге келген Нұрлыбай Есімғалиев орта мектептен кейін Алматыға келген.

Ол Алматыдағы республикалық эстрада студиясында «көркемсөз оқушы» мамандығын алған. Алматы мемлекеттік консерваториясының актерлық факультетінде, Мәскеуде Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографиялық институтында тәлім алған.

1974 жылдан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етеді. Есімғалиев бүгінге дейін 40-қа жуық кинофильмге түскен. Қазақстан кәсіпқой киноактерлер гильдиясын құрып, соны басқарған.

Келесі жылы актер 70 жасқа толады. Нұрлыбай Есімғалиев киносүйер халықты мойындатқан актер. Қазақ киносының басына қандай қиындықтар туса да, адалдықпен жүріп өткен жолын оқырманға өмірбаяндық кітап етіп ұсынбақ. 

Өзін жарнамалап, насихаттауды қажет етпейтін, Нұрлыбай Есімғалиев қазақ киносының тарихына айналған туындылардың экраннан, телеарналардан көрсетіліп, ұрпақ тәрбиесінде орын алатынына әлі де сенеді.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу