12 сәуір күні «Қыз Жібек» мюзклінің премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 сәуір күні «Қыз Жібек» мюзклінің премьерасы өтеді

10.04.2018

Жастар театры жуырда 10-жылдығын атап өтті. Осыған орай 12 сәуір күні жастар театрыныда «Қыз Жібек» мюзклінің премьерасы өтеді.

Театр актерлері Бекжан Керімбаев, Нұрлыбек Төлеген, Мейірғат Амангелди, Назерке Серікболқызы студия қонағы болды. Өнер иелері шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті.

«Жастар театрының бірден-бір жаңалығы – 10 жылдығымызды атап өттік. Алған белестерімізді бүкіл халық алдында көрсеттік. Жақында Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек - Төлеген» қойылымын сомдағалы отырмыз. Қазір театр актерлері дайындық үстінде.

Бұл қойылымды қою туралы шешім бұрыннан ойда болған дүние. Сәті енді түсті. «Қыз Жібекті» барлық театр қойып шықты. Әр театрдың өз ерекшелігі бар. Біздің ерекшелігіміз – театр актерлері бір орында ән айтпайды. Біз үнемі қимылдамыз. Ұлы туынды болғаннан кейін ұзақ дайындалдық», - дейді өнер иелері.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу