Қазақ даласына «жеңіс» деген хабарды жеткізген Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына - 95 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ даласына «жеңіс» деген хабарды жеткізген Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына - 95 жыл

26.03.2018

ҚР Халық әртісі, белгілі диктор Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына - 95 жыл. Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын Кеңес елдері Левитанның дауысымен естісе, қазақ даласына жеңіс деген хабарды Әнуарбек Байжанбаев жеткізді. Қазақ радиосының «Алтын қорында» диктордың дауысы жазылған 80-нен астам күйтабақ бюар. Алайда, өкініштісі, ол кісінің бейнесі таспаланған бірде-бір фильм жоқ.

Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев 1923 жылғы 26 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы елге оралғаннан кейін, Қазақ радиосына диктор болып орналасады. Алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққан ол өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, телевизиясында диктор болып қызмет атқарады. Эфир арқылы берілген республиканың тыныс-тіршілігі жайлы түрлі жаңалықтар, саяси хабарлар ұзақ жылдар бойы мыңдаған тыңдаушыларына Байжанбаевтың ашық та әуезді, кең тынысты үнімен жетті.

«Бұл кісіні табиғаттың ерекше жаратқан құбылысы деуге болады. Себебі, ол жоғарғы оқу орнын бітірген жоқ. Халықтан шыққан талант. Бұл кісі радио саласындағы халықтық тұлға», - дейді радио ардагері Тілеуберді Досбаев.

 

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу