Ауылдағы ағайынның ахуалын сөз еткенде әупірімдеп тұрған әлеуметтік нысандарды айтпасқа болмас. Бізде алыстағы ауруханаға жете алмай көз жұмғандар, жасы жетсе де мектепке кете алмай сең соққан балықтай сенделіп жүргендер бар. Тәуелсіздік алғалы бері республикада 1500-ден астам мемлекеттік медициналық нысан салынды деп, ақпарат айтып еді жауапты министрлік. Бірақ, қанша мекеме салса да солардың қызметін бір көрмеген ауылдар жетерлік.
Әлеуметтің нысандарды айтқанда елді қинайтын тағы бір тақырып бұл - мектеп мәселесі. Осы оқу жылы басталғанда Білім және ғылым министрлігінен еліміздегі 127 орта мектеп 3 ауысыммен оқытады деген ақпарат келген. Ғани Мұратбаев: «Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар үшін бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды» депті. Өкініштісі, бүгін жастардан бұрын Үкіметке әдемі есеп беруден қолы босамайтын жергілікті шенеуніктердің сөзден іске көшуін әлі күтіп жүрміз. Осы тақырып жайлы Сәбит Әлдебайдың сюжетінде.