«Құралайдың құпиясы» айдарында «Плюшкин» синдромы туралы айтылды.
«Плюшкин» синдромын психологтар қажетсіз дүниелерді алып жинай беру және одан рахат алу деп түсіндіреді. Алайда, қажетсіз дүниені жинау жақсылық әкелмейді. Бұл патологияның өз қиындығы бар. Көптеген ғалымдар мен психологтар осы дерттен арылудың амалдарын іздеуде. Қоқыс жинаудан қалай арылуға болады?