Қуаныш Шоңбай: Армандамаған адамға көмек бере алмайсың - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуаныш Шоңбай: Армандамаған адамға көмек бере алмайсың

08.02.2018

Бүгінгі «Бақытты әйел» бағдарламасының «Мақпалдың мекені» айдарында Қуаныш Шоңбай қонақ боды. Кәсіпкер жетістікке жету жолындағы қадамдар туралы сөз қозғады.

«Мен мықтымын» деген ең жаман сөз. «Мен мықтымын» сезімі жетістікке жетуге тосқауыл болады. Адам мықты болса, жеткен жетістіктерінен көрінуі керек. Мен өзімде де ол сезім болады. 

Бізде елмен жарысу деген әдет бар. Ең қиыны - өзіңмен жарысу. Ол деген - жасау. Адамның ішінде белгілі бір талант болады. Ол көзге көрінбеуі де мүмкін. Сол талантты іздеу керек. Біз көбінесе потенциал, қабілетімізді байқамаймыз. Алға қойған идеядан қорықпау керек. Жалпы, біздің қоғамда армандаудан қорқады. Ал, армандамаған адамға көмек бере алмайсың.

Одан кейін, бір күнде жетістік болмайды. Әр жетістіктің артында еңбек жатыр. Ал, жеңістің негізгі кілті – мақсат. Біздің қателігіміз - бүгінгі күнмен емес, кешегі күнмен өмір сүру.

Тегін білімге қарсымын. Себебі, тегін келген дүниенің құны жоқ. Кез келген жеңіс шабуылдың нәтижесінде келеді. Бұл дегеніміз - өзіміздің қателіктеріміз және кемшіліктерімізбен күресу.

Тағы бір мәселе – комплекс пен сенімсіздік. Комплексі бар адам артқа шегінеді. Сенімі жоқ адам да алға қадам жасай алмайды. Неліктен кейбіреулер біреудің жолына қарайды? Өйткені, басын қатырғысы келмейді. Жетістікке жету үшін басты қатыру керек, қатырудың жолдарын іздеу керек», - дейді қонақ.

 

Толығырақ «Бақытты әйел» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу