Қымбат Әбілдақызы: Монотехноголия заманында баланы қоғам болып қалыптастыруымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қымбат Әбілдақызы: Монотехноголия заманында баланы қоғам болып қалыптастыруымыз керек

08.02.2018

«Айгөлек» журналының бас редакторы, ақын Қымбат Әбілдақызы «Таңшолпан» студиясында қонақта болып, бала болашағы, ұрпақ тәрбиесі туралы сөз қозғады.

Қымбат Әбілдақызы:

-Заманына қарай адамы. Заманның жаны, билігі жоқ. Заманды билейтін тіршілік ішіндегі санасы жоғары - адам. Адам мықты болса, жаһандық өзгерістерді қабылдай отырып, түп-тамырын сақтап қалады. Қазақ болып туған соң ұлтымызға қызмет етуіміз керек. Келесі ұрпаққа қазақи қасиетті, ұлттық кодты, рухани бағдарды іспен жеткізуіміз керек.

Өзіміз журналға жазылып, газет, кітап оқып өстік. Өркениеттен алыс тұрып-ақ оқыған ғалымдар бар. Олардың қандай жаңалық әкелгенін, тіл, ұлт үшін төккен адал терін газет-журнал арқылы жас ұрпаққа жеткізу керек.

Ал, енді монотехноголия қанатын жайып тұрған кезде баланы қоғам болып қалыптастыру қажет. Бала деген – ақ қағаз. Одан ақжүректі, ұлттын, тілін сүйетін тұлға тәрбиелеу керек. Бала көргенін істейді, ойнағанның өзінде өмірді ойнайды. Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында. 

Хабарламаларға жазылу