«Журналистік зерттеу». Қазақстан - Америка қатынастарының жаңа кезеңі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Журналистік зерттеу». Қазақстан - Америка қатынастарының жаңа кезеңі

31.01.2018

16 қаңтар. Ақ үй. Бұл - Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған 7-ші ресми сапары. Ал, Тәуелсіздік алғалы 11-ші келуі. Қос елдің президенті осымен екінші рет кездесіп отыр. Мемлекет басшылары алдағы уақыттағы екіжақты қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

АҚШ тарапы алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Тәуелсіздігінін мойындады. Содан бергі 25 жыл ішінде екі ел арасындағы байланыс жаңа белеске көтерілді.

Мемлекет басшылары біріккен саяси мәлемдеме жасады. Әсіресе, Орталық Азияға қатысты ресми Астана мен Вашингтонның ойлары бір жерден шықты.

Қазақстан Президенті халықаралық қауіпсіздікті нығайтып, қазіргі заманның сын-қатерлері мен қауіптерін бірлесіп, еңсеру ісінде Астана мен Вашингтонның өзара тиімді ынтымақтастығын атап өтті.

«Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі болашағы зор, стратегиялық әріптес деп есептейміз. Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық қарым-қатынас жаңа сапаға ие болып отыр», - АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Хабарламаларға жазылу