«Мәселе». Қауіпті киімдерді қалай білуге болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе». Қауіпті киімдерді қалай білуге болады?

27.01.2018

Қазір жеңіл өнеркәсіп саласының сарапшылары «RFID» деген чиптерді киімдерге жапсыру-жапсырмау турасында қызу пікірталас үстінде. Кей брендтер білдірмей енгізіп те қойған. Әшкере болған соң көбісі тауарларын кері алдырып, «білмей қалдық» деп ақталып әлек. Сонымен, бұл не? «RFID» деп аталатын чипте тауарға қатысты барлық мәлімет болады. Чипі бар киімді сатып алған жағдайда арнайы бағдарлама арқылы оны киген адамның қайда барып, қайда жүргені, қандай жерлерге жиі соғатыны көрініп тұрады. Қысқасы, бақылау құралы.  

Чипті қорғаушылар бұл тек коммерциялық мақсатта деуде. Бірақ, бұл чипке спутник арқылы нұсқаулар жіберіп, кері ақпарат алып отыруға болады. Тіпті, арнайы микротолқындар туғызып, адамды айықпас ауруға шалдықтыруға болады деген тұжырым да жасалды.

Сарапшылар арасында қала берді «RFID» чипке нұсқау жіберіп, киімнің иесін жүйке жасушыларына әсер ету арқылы трансқа түсіріп, адамды түрлі митингтерге, басқа да шараларға еркінен тыс алып шығуға болады деген қауіп те бар. Киімді қанша жуса да, чипке еш зақым келмейтіні тексерілген.

Дәрігерлер «мұны ұзақ кисе ішке қан кетеді, асқазанның тамақты қорытуы қиындайды», - дейді. Одан бөлек, тағы 97 түрлі ауруға әкелетінін айтты.

Киімнің арты кебінге апармау үшін нені білу керек? Қауіп қайдан? Толығырақ Сәбит Әлдебайдың репортажында. 

толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу