«Таңшолпан». Үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек

26.01.2018

Боранды күні немесе сары аязда үйде отырғанға не жетсін?! Бірақ, үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек қандай? Аязда денені үсітіп алмаудың амалдары қандай? Үсік шалу мен салқындау деген не? Үсік шалмау үшін қалай киінген дұрыс?

«Үсік шалу мен салқындауды ажырата білу керек. Үсік шалу көп жағдайда мұрын, құлақ, аяқтың және қолдың бастарын алады. Үсік шалған жерді ыстық судың астында ұстауға болмайды. Себебі, үсіген дене ыстық суды сезбейді. Ал, одан дене күйіп қалуы мүмкін. Үсік шалған адамды жылы жерге кіргізу керек және қолданылатын арнайы майлар бар. Соны жағып, ем қолдану керек», - дейді дәрігер Айдарбек Өтемұратов.

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыздар

Хабарламаларға жазылу