«Бақытты әйел». Тұрсынай Қабыл: Арманым – өзімнің өмірім туралы кітап жазу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». Тұрсынай Қабыл: Арманым – өзімнің өмірім туралы кітап жазу

25.01.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы Қостанай қаласының тұрғыны 18 жасар Тұрсынай Қабыл.

Оның жүрегі теңіздің тереңдігіндей мөлдір. Ол үнемі көңілді, жан-жағына шуағын шашып жүреді. Ол ештеңеден қорықпайтын ақжарқын жан. Ол кішкентай бойына қарамастан зілтемірді көтеріп, жеңістерге жетіп жүр. Ол - алықаралық дәрежедегі спорт шебері Тұрсынай Қабыл.

Тұрсынай өзінің болмысын мүмкіндігінше пайдалануға тырысатын өжет қыз. Ол аласа бойын желідегі парақшасында түрлі әзілдерге арқау етеді. Сол арқылы халыққа өмірдің ащы шындығын көрсеткісі келеді.

Тұрсынайдың бойы – 120 см. Ол ешқашан болмысынан қысылған емес. Керісінше, уақытын тиімді пайдаланып, 4 жасынан спортпен айналысады. Адамдарды мейірімділікке баулып, қолынан келгенше көмек көрсетуге әзір.

Ол өмірді сүйеді. Уақытын жоғалтпай, барлығына үлгергісі келеді. Тұрсынай студияда өзінің жетістіктерімен бөлісті.

Хабарламаларға жазылу