«Таңшолпан». Гаджеттерді сымсыз қуаттағыш құралы мен робот-жастық туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Гаджеттерді сымсыз қуаттағыш құралы мен робот-жастық туралы не білесіз?

25.01.2018

Бүгінгі «Hi-Tech» айдарында «Energous wattup» сымсыз қуаттағыш құралы, «Somnox» ақылды робот жастығы, «Nokia sleep» ұйқы гаджеті туралы айтылды.

«Ses-2018» халықаралық көрмесінде голландиялық инженер «Somnox» ақылды жастығын таныстырды. Ол жастық иесінің ұйқысын күзетеді, жүрек қағысын реттеп, тыныс алу жолдарының жұмысын бақылайды. Жастық жақсы ұйықтауға көмектеседі. Сондай-ақ иесінің қимылына сәйкес көлемі өзгереді. Тіпті «Somnox» жастығы арқылы сүйікті әніңіз бен аудиокітап таңдауға болады. «Somnox» роботы Android немесе iOS жүйесімен басқарылады. Ол смартфонға Bluetooth арқылы жалғанады. Сатылым құны 140 мың теңгНаряду .

Сонымен қатар «Energous wattup» кез келген гаджетті сымсыз қуаттайды. Оның қуат көзі әзірге 90 сантиметр қашықтыққа жетеді. Құрастырушылардың айтуынша, болашақта бұл меже 4,5 метрге ұлғаяды. Аталмыш құрылғыны АҚШ-тың ресми комиссиясы бекітіп, сатылымға шығаруға болатынын хабарлады. Алайда сатылым құны мен уақыты әзірге белгіленген жоқ.

«Nokia sleep» гаджеті ұйқыны жақсартудың жолдарын ұсынды. «Nokia sleep» ұйқы трекері төсектің астына қоюға арналған. Аталмыш гаджет ұйқының уақыты, тыныштығы, адамның қаншалықты қорылдайтынына дейін ақпаратты жинайды. Ал, смартфон арқылы жүйеге қоссаңыз әйгілі сомнолог ұйқыны жақсартудың жолдарын ұсынады. Бағасы 32 мың теңгені құрайды.

Хабарламаларға жазылу