«Мен қазақпын». Мега жоба. Гала-концерт. 16-бағдарлама (17.12.2017) (ТОЛЫҚ НҰСҚА) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мен қазақпын». Мега жоба. Гала-концерт. 16-бағдарлама (17.12.2017) (ТОЛЫҚ НҰСҚА)

17.12.2017

Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында халықтың әндерін әуе­­летіп, халық композ­иторлары­ның шы­ғар­­маларын насихаттайтын жобаның гала-концерті өтті. Шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, барша жұртты байқаудың мәреге жетуімен құттықтады.

Жоба қорытындысына сай «Үздік әнш­і» аталымының жеңімп­азы Талдықорған қаласының абыройын аспанд­атқан Бейбіт Мұсаев атанды. «Үздік күйші» аталымында ақтөбелік Ардақ Елеусіз дараланды.

«Үз­дік термеші» аталымын маңғыстаулық Оспан Құлсымақ жең­іп алды. Ал,ең көп дауыс жинап, «Көрермен көзайымы» болған Жамбыл облысының өкілі Сұлужан Әбенова.

Айта кетейік, «Мен қазақпын» мегажобасы 2017 жылдың маусым айында басталған болатын және оған еліміздің барлық өңірі мен көршілес бірнеше елден 3000-нан астам өнерпаз қатысты.

Назарларыңызға жобаның гала концертінің толық нұсқасын ұсынамыз. 

 

Хабарламаларға жазылу