«Таңшолпан». Биоакустикалық қондырғы арқылы баланың тіліндегі кемістікті түзетуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Биоакустикалық қондырғы арқылы баланың тіліндегі кемістікті түзетуге болады

08.12.2017

Биоакустикалық түзету әдісі арқылы мүлдем сөйлемейтін немесе ақыл-ойы жетілмеген балаларды емдеуге болады. Ол үшін баланың басына датчиктер орнатылып, құлаққап кигізіледі. Биоакустикалық қондырғы арқылы түзету аутизм, туа біткен сал ауруына ұшыраған балалардың да сөйлеп кетуіне көмектеседі.

 

«Нәтижесінде адам ағзасында өзін-өзі реттеу жұмысы істеп, миы арқылы бала бойындағы кемшіліктер қалпына келе бастайды. Бір айдың ішінде-ақ шара оңды әсерін береді. Жақсару белгілері анық байқалады. Науқас баланың түйсігі жетіліп, өзіне есеп беру қасиеті дамиды.

Әрине, мұндай емдеу тәсілі логопедтің қосымша сабақтарымен жүреді. Сонда ғана баланың сөздік қоры көбейіп дұрыс сөйлеу, ойын толық жеткізу сияқты қабілеті қалыптасады», - дейді логопед Венера Балқыбекова.

Маманның айтуынша, бұл әдісті тек эпилепсиямен ауыратын балаға қолдануға болмайды.

Хабарламаларға жазылу