Маңғыстаулық Алпысбек Оңайбайұлы жобада соңғы болып өнер көрсетті. Тәлімгері – Айгүл Елшібаева. Ол Ғ.Құрманғалиевтің «Сүйген жар» әнін орындады.
Ұлжан Байбосынова:
- Алпысбек - жақсы әнші. Жоғары деңгейде орындап шықты. Сонымен бірге, әнді де өте жақсы таңдаған.
Әлқуат Қазақбаев:
- Үндестік болды. Ансамбльдің қолдауы Алпысбектің үнімен әдемі үндесті. Өте ризамын. Рахмет!
Естеріңізге сала кетейік, «Мен қазақпын» мегажобасы эфирге әр жексенбі сағат 20:55-те шығады.
