«Таңшолпан». Әлихан Байменов: Басылымдар мен телевизияның орны бөлек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әлихан Байменов: Басылымдар мен телевизияның орны бөлек

16.11.2017

Мемлекеттік қызмет халықаралық хабының төрағасы, мемлекет қайраткер, саясаткер Әлихан Бәйменов студия қонағы болды.

«Қазір ғаламторға теңесетін ақпарат көзі жоқ. Дегенмен, басылымдар мен телевизияның өз орны бар. Олар тереңірек талдау жасайды. Түрлі мамандардың басын қосады.

Біз, қазақтар қазақ тілінде ақпарат алатындай мүмкіндікке ие болуымыз керек. Оған мүмкіндік бар. Ендеше, әлемнің шешуші өңірлерінде мемлекеттік үлкен арналардың өкілдері, тілшілері болу керек. Керек десең, шетелде оқып жүрген студенттерді тартуға болады.

Теледидарға келсек, әлі де қазақтың көзімен қарай алмай отырмыз. Әсіресе соңғы 3-4 жылдағы геосаяси шиеліністерде көршілердің ақпараттық ықпалындамыз. Сол көршілердің телеарнасында дарынды журналист, тілшілері бар. Бірақ олардың пиғылы дұрыс емес. Өкінішке қарай, олар біздің қоғамның көзқарасы, дүниетанымына қатты әсер етеді», - дейді саясаткер.

Хабарламаларға жазылу