«Таңшолпан». Мектеп оқушылары латын әліпбиін меңгере бастады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мектеп оқушылары латын әліпбиін меңгере бастады (ВИДЕО)

07.11.2017

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Жантілеуқызы қазірден бастап оқушыларына латын әліпбиін үйретіп жүр.  Гүлмира шәкірттерінің жаңа әліпбиді тез меңгеріп кетуін қалайды. Сол себепті сыныптағы дәріспен шектелмей, кітапхананың Латын әліпбиі залына апарып тұрады. Мұнда оқушылар өткен ғасырдың басында қазақ зиялыларының латын әліпбиінде басылып шыққан еңбектерімен танысады.

Көрмеде 1928-1940 жылдары аралығында латын әліпбиінде шыққан мектеп оқушыларына арналған оқу құралдары, әдеби, мерзімді басылымдар бар. Осы жылдар аралығында шыққан 2000 кітаптың 80 пайызы Ұлттық академиялық кітапханада сақтаулы. Балалар оқулықтағы шығармаларға үлкен қызуғышылық танытты.

«Кириллицада шыққан кітаптарды латын қарпіне көшіруге байланысты бағдарлама дайындалып отыр. Бұл бағдарлама 5 минуттың ішінде кез келген кітапты кириллицадан латын қарпіне көшіріп беретін болады. Демек, оқырманның кез келген оқулықты екі тілде оқуға мүмкіндігі болады», дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері Елдос Тоқтарбай.

Хабарламаларға жазылу