«Үміткер» реалити-шоуының 7-бөлімі. «Жұрттың қыздары» мен «Мейман» тобы (толық нұсқа) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үміткер» реалити-шоуының 7-бөлімі. «Жұрттың қыздары» мен «Мейман» тобы (толық нұсқа)

05.11.2017

Әдеттегідей, үміткерлер бұл жолы бейнероликтен соң өз командаларының көшбасшысын таңдады.  «Жұрттың қыздары»  Гүлназ Омарованы топбасшы етсе,  «Мейман» тобы екінші рет Жалғас Құрманбаевты таңдады. Себебі, жігіттер тобының саны азайып қалғандықтан, бір адам екінші рет топ жетекшісі болып отыр.  Жалғас Құрманбаев бұл жолы командасын «міндетті түрде жеңіске әкелемін» деген сенімде.

Қуаныш Шонбай екі топқа бірдей көлікті жарнамалауға байланысты тапсырма берді. Сайыс басталмас бұрын үміткерлер мамандардан шеберлік дәріс алды. Қыздар тобы көлік туралы толық мәлімет алуға тырысып бақса, жігіттер тобы өз күштеріне сенді.

Кеш батысымен екі топ та дайындыққа кірісті. Қыздар тобы тапсырманы өзара бөлісіп алды. Жігіттер тобының көшбасшысы Жалғас Құрманбаев ұсынылымды (презентацияны) өзі қорғап шығуға бел буды. Топ мүшелері де қарсы болмады. Алайда, презентация кезінде жігіттер тобының қарқыны байқалмады десе де болады. Топ басшысы Жалғас Құрманбаевтың қобалжығаны байқалды. Ал, қыздар тобы керісінше, мамандар да олардың дайындықтарын ерекше атап өтті.

Үміткерлер Қуаныш Шонбайдың  мәжіліс залына жиналып, қорытындысын жариялады. Бұл жолғы сайыстың жеңімпазын «Тойота-сити» компаниясының мамандары анықтады. Олардың шешімі бойынша  «Жұрттың қыздары» командасы жеңіске жетті.  Ал, Жалғас Құрманбаев  қауіпті алаңға үшінші рет келді. Қуаныш Шонбай ұзақ ойланбастан бұл сайыс Жалғас үшін шешуші сайыс болғанын айтты. Яғни, осы тапсырмада жігіттер командасының көшбасшысы шығып қалды. Ал, қыздар тобына марапат ретінде салонға жолдама берілді.

Хабарламаларға жазылу